- Басты
- Жаңалықтар
- «Мерейлі отбасы» байқауы ата-аналардың балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырады – Жакиевтер отбасы
«Мерейлі отбасы» байқауы ата-аналардың балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырады – Жакиевтер отбасы
«Менің әкем бар өмірін мектеп пен балаларға арнады. Соңғы 30 жылда қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі болып істеді. Анам педогогикалық институттағы оқуын соңына дейін аяқтамады, жарты жолдан тастап, бала тәрбиесіне көңіл бөлген. Отбасында 11 баламыз. Барлық балалар жоғары білім алған. Бесеуі педагогикалық жолды жалғастырса, үшеуі дәрігер, тағы бір үшеуі инженер-агроном. Мен үлкен ұлмын, мамандығым хирург, алайда ұстаздық етуді де жаныма серік еткенмін. Дәрігер атанған балалардың барлығы университеттерде қосымша сабақ береді. Ата-аналарымыздың екі немересі Президенттің «Болашақ» стипендиясы бойынша білім алған», - деп ағынан жарылды Жакиевтер отбасының үлкен ұлы Бәжібек «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.
Жакиевтер отбасы жергілікті билікті ұсынысымен биыл «Мерейлі отбасы» республикалық байқауында бақ сынады. Отбасы мүшелерінің пайымынша, байқау ата-аналардың балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырады .
«Менің ойымша, байқаудың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды және отбасы, неке, отбасылық жетістік деген ұғымдарды насихаттау. Мұндай байқауларды көптеп өткізген жөн, бұл жастарды отбасын құруға, бақытты болуға итермелейді», – деді ол.
Анар Тәңірқұлова
-
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер