- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы қоғамдық көліктер үшін жеңілдікті санаттағы азаматтарды фототіркеу 2015 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды (ВИДЕО)
Астанадағы қоғамдық көліктер үшін жеңілдікті санаттағы азаматтарды фототіркеу 2015 жылдың тамыз айының соңына дейін ұзартылды (ВИДЕО)
2015 жылдың тамыз айының 1-нен бастап Астана қаласында жеңілдікті санттағы азаматтарды ақысыз фототіркеу жобасы басталған болатын. Бұл үрдіс жергілікті әкімдіктің қолдауымен қоғамдық көлікте жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесін енгізу шарасының шеңберінде өткізіліп жатыр.
«Естеріңізге сала кетейін, жеңілдікті санаттағы азаматтар қатарына: ҰОС ардагерлері мен қатысушылары; зейнеткерлер; отбасы асыраушысынан айырылуға байланысты мемлекеттік әлеуметтік ақы алушылар; көпбалалаы жанұялар; физикалық мүмкіндігі шектеулі жандар; 16-қа дейінгі мүгедек балалар жатады», - деді А.Жамалова.
Оның айтуынша, фототіркеу үрдісінің басты мақсаты – жеңілдікті санаттағы азаматтардың фотосуреттерінің базасын жинап, арнайы жекешелендірілген жол ақысын төлеу картасын жасау. Кейін, жол ақысын электронды төлеу жүйесі іске қосылғаннан кейін біз жекілдікті санаттағы азаматтардың нақты санын білетін боламыз.
Фототіркеу үрдісі үшін Астана қаласында 25 орын ұйымдастырылған болатын. Әрбір орында арнайы оқудан өткен еріктілер қызмет көрсетуде. Айта кететін жайт, азаматтар 25 орынның кез-келгенінде фототіркеуден өте алады.
«Айрықша атап өтетін жайт, бұл жүйе қоғамдық көлікте мынадай мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді: бір жолғы билеттер есебінің болмауы, жолаушылар ағымының нақты көрсеткіштерінің болмауы,, қоғамдық көлік жұмыскерлерінің кіріс мөлшерін жасыруы, бүгінгі жол ақысын төлеу жүйесінің қолайсыздығы. Сондай-ақ, жол ақысын электронды төлеу жүйесі қоғамға қызмет көрсету сапасының деңгейін көтеруге, қаржы ағымының және салық жиналымының таза болуына, билетсіз жүретін азаматтардың болмауына көмегін тигізеді», - деді А.Жамалова.
«Егер статистикалық көрсеткіштерге келетін болсақ, бірінші кұні фототіркеуден 401 адам өтті. Келесі күндері олардың саны 10 есе артты да, орташа есеппен алғанда күніне 4500 адамды құрады. Бүгінгі таңда фототіркеуден барлығы 45 мыңға жуық жеңілдікті санаттағы азаматтар өткен болатын. Алайда, соңғы күндері бұл көрсеткіш төмендеп жатыр. Сондықтан, фототіркеуден тамыздың он бесіне дейін өтіп үлгірмеген азаматтар үшін бұл үрдіс мерзімінің ұзарылғандығын естеріне саламыз. Әлі тіркелмеген азаматтар, 25 пункттың кел-келгеніне келіп, фотосуретке түсе алады», - деп толықтырды ол.
Сондай-ақ, мектеп оқушылары үшін де жекешеленген жол ақысын төлеу карталарын жасау жоспарланып отыр. Сондықтан, қыркүйек айында олар үшін фототіркеу шарасы ұйымдастырылады. Алайда, бұл туралы әлі қосымша хабарланатын болады. Қосымша сұрақтарға жауап беру үшін арнайы кол-центр ұйымдастырылған болатын. Оның нөмірі 57-47-77.

Анар Тәңірқұлова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді