Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Минскіге келді

24 Қазан, 2013 17:40
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Минскіге келді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Сапар барысында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырыстарына қатысу жоспарланған», - деп хабарламада нақтыланған.

 

Барлық жаңалықтар