Атыраудың темржол вокзалы толығымен жаңғыртылды

21 Тамыз, 2015 10:49
Осыдан 40 жылдам астам уақыт бұрын салынған Атырау вокзалының станциясы күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін толығымен жаңғыртылды, деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК»АҚ баспасөз қызметі.

«Күрделі жөндеуден өткізілген Атырау вокзалы толық жаңғыртылды. Ғимарат қырық жыл бұрын тұрғызылған болатын. Өткізу мүмкіндігі тәулігіне 500 жолаушыдан үш мыңға дейін. Мұнайлы өңірдің астанасының келбетін өзгерту өткен жылы басталған болатын Ол жұмыс биылғы шілдеде аяқталды», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, жаңғыртылған ғимаратта келушілер мен шығарып салушыларға арналған балалар мен аналар бөлмесі, асхана, ВИП залы бар. Мұның барлығы жолаушылар мен кадрларға лайықты қызмет көрсетуге арналды.

Жолаушылардың алғысын алғанымызға қуаныштымыз»,-деді вокзал ұжымының басшысы Майра Әбілова.

Вокзалдың жалпы аумағы 3307,8 шаршы метр. Станциядан барлығы  13 жұп  пойыз өтеді.

Барлық жаңалықтар