- Басты
- Жаңалықтар
- WorldSkills Competition халықаралық техникалық мамандықтар чемпионатында колледж студенттерінің ұлттық құрамасы жеңске жетті
WorldSkills Competition халықаралық техникалық мамандықтар чемпионатында колледж студенттерінің ұлттық құрамасы жеңске жетті
Аталып өткендей, Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тарихында алғаш рет, еліміздің колледж студенттері Сан-Пауло (Бразилия) қаласында 11-16 тамыз аралығында өткен, WorldSkills Халықаралық техникалық Конкурстың, чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Құраманың чемпионатқа қатысуы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық оператор «Кәсіпқор» Холдингінің қолдауының арқасында өткізілді.
Әлемнің түкпір-түкпірінен 1200-ден астам қатысушылар үздік деген атақ үшін түрлі құзыреттіліктерде жарысты. Қазақстан құрамасын Әлемдік аренада WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаттың жеңімпаздары таныстырды: Анвар Дауренов (Сылақ және гипс жұмыстары), Сергей Белоносов (Аспаздық іс), Нурлыбек Мухамедияров (Дәнекерлеу жұмыстары), Адлет Токежанов (Дәнекерлеу жұмыстары), Канат Ерман (Кірпішті қалау), Анар Жанбосынова (Шаштараздық іс), Райымбек Ишангалиев (IT- жүйелерін басқару).
«Қазақстан ұлттық құрамасының қатысушылары байқауда тәжірибесі бар басқа елдердің қарсыластарымен қатал бәсекелестік жағдайда өздерінің икемділіктері мен тәжірибесін көрсетіп, төзімділік пен шыдамдылық танытты», - делінген хабарламада.
Чемпионаттың нәтижесінде Сергей елоносов «Best of Nation» номинациясының медалін жеңіп алды, Әділет Төкежанов «Қырнаушылық іс» командалық жарысында жеңіске жетіп, «WorldSkills Competition» медаліне ие болды. Біздің құраманың сарапшысы «Кірпішті қалау» құзыреті бойынша Қуаныш Айтжанов «WorldSkills Competition Expert» арнайы атағын алды және WorldSkills International сарапшылар қоғамдастығының толық мүшесі болды. Техникалық делегат WorldSkills Kazakhstan Ұлан Жармухамедов «Шаштараз ісі» құзыреті бойынша қазылар алқасының төрағасы ретінде еңбегі сіңгені үшін WorldSkills Jury President алтын медалін алды.
Айта кетерлік жайт, Қазақ ұлттық құраманың барлық қатысушылары - осы жылы елімізде алғаш рет өткізіліп отырған WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының жеңімпаздары. Енді чемпионат техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жыл сайынғы іс-шара болмақ.
Естеріңізге сала кетейік, WorldSkills – мақсаты жұмысшы кәсібі дәрежесін жоғарылату жеке мемлекттермен қатар бүкіл әлемде кәсіби шебер конкурстарын ұйымдастыру мен өткізу арқылы және ең жақсы тәжірибені үйлестіру мен жалпы әлемдік стандартта кәсіби білімді дамыту болып табылатын халықаралық коммерциялық емес қозғалыс.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды