- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстанның әскери қызметшілері - «Достастық жауынгері» байқауының жеңімпаздары марапатталды (ВИДЕО)
Астанада Қазақстанның әскери қызметшілері - «Достастық жауынгері» байқауының жеңімпаздары марапатталды (ВИДЕО)
«Бүгін біз жатқан «Достастық жауынгері» VII халықаралық байқауының қорытындысын жасауға дайынбыз. Жалпы, Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан әскери қызметшілері алты байқау бойынша сайысқа түсті. Атап айтсақ, АРД кедергі жолағын игеру, Ф-1 гранатасын дәл лақтыру және дене даярлығы, АК-74 қалыпты ұрыс күйіне келтіру, жалпы әскери қорғаныс кешенін кию, суық қару лақтыру және нысананы дәлдеу. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті», - деді сержант-генерал штабының жұмысы бойынша басқарма бастығы мастер сержант Темірбек Халықов «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында хабарлады.
Сонымен, жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері барлығынан бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын – Беларусь Республикасына, үшінші орын – Ресей Федерациясының командасына бұйырды. Қазақстан армиясының әскери қызметшілері түрлі аталымдарда жеңімпаздар атанды. Атап айтқанда, «Эрудит» - кіші сержант Людмила Губарева, «Қыз/жігіт» - аға сержант Рустем Сәтжанов, «Атлет» - сержант Орынбек Сәндібеков, «Мерген» аға сержант Рүстем Сәтжанов, «Үздік жауынгер қыз» - кіші сержант Людмила Губарева, «Кәсіпқой жауынгер» - аға сержант Әміржан Маушев алды. «Достастық жауынгері» бас аталымының жеңімпазы сержант Орынбек Сәндібеков (1орын), аға сержант Рүстем Сәтжанов (2) және аға сержант Әміржан Маушев (3) еншіледі.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты