- Басты
- Жаңалықтар
- «Шу-Ұлытау-Астана» марафоны Қызылордаға келіп жетті
«Шу-Ұлытау-Астана» марафоны Қызылордаға келіп жетті
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, марафоншыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Садық Мұстафаев пен «Өркениет-Қызылорда» қоғамдық қорының президенті Нұрхан Жәлиев бастаған топ күтіп алып, құрмет көрсетті.
Айтулы шара ел тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен бірлікті нығайту және бұқаралық спорттың рухани әлеуетін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Негізінен, марафонның өтуіне мұрындық болған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы қалалық марафоншылар клубы. Құрамында 15 адам бар.
«Марафоншылардың капитаны ұзақтыққа жүгіруден Азияның 6 дүркін чемпионы Марат Балтабаев. Оның айтуынша, марафоншылардың көбісі спорт шеберлері. Олар 1500 шақырымды 7 күнде жүріп өтпек»,- делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 16 тамызда Жамбыл облысының Шу ауданынан бастау алған шарада спортшыларға Қазақ хандығының символикалық байрағы, яғни Керей мен Жәнібек хан көтерген көк тудың көшірмесі табысталған. Марафоншылар байрақты Тараз, Шымкент, Түркістан қалалары арқылы алып жүріп, Қызылордаға аяқ басты. Одан әрі Жезқазған қаласы арқылы 22 тамызда Ұлытауға жеткізуді көздеп отыр. Ал 23 тамыз күні Астана қаласына табан тірейді. Сөйтіп, марафоншылар көк байрақты ҚР Президентінің мұражайына табыс етеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Мемлекеттік бюджеттің есебі: 2020 жылғы кіріс, игерілмеген қаржы мен 2021 жылғы міндеттемелер
-
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты -
«Қайырымды істер» марафоны: Қандай іс-шаралар ұйымдастырылады -
COVID-19: АҚШ-та жұқтырғандар саны 25 млн-ға жетті, Нидерландыда наразылық шаралары күшейді -
COVID-19: АҚШ-та қайтыс болғандар саны шарықтау шегіне жетті, Германия Рождестводан соң локдаун енгізбек -
Қаржы саласындағы заңдарға енгізілген өзгерістер: Бюджеттің қосымша шығындары қайда жұмсалмақ -
2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылды -
Бюджетті игермеген мемлекеттік органдар белгілі болды