• Басты
  • ҚР Үкіметі: Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалады
20 Тамыз, 2015 12:18

ҚР Үкіметі: Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалады

Қазақстан Үкіметімен аталып өткендей, халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелер толығымен жүзеге асырылады және теңге бағамының өзгеруі оған еш әсер етпейді, деді ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ-да.
ҚР Үкіметі: Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалады

«Жаңа бюджеттік саясат аясында біз барлық тапсырмаларымыз орындап келеміз. Республикалық бюджеттің алдағы үш жылдық жоспарында барлық шығындар оңтайландырылады. Жаңа жоба барлық әлеуметтік міндеттемелердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді», - деп сендірді ол.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік сатып алулардың басым бөлігі бірінші жарты жылдықта жүзеге асырылды.

«Бізде барлық бюджеттік міндеттемелер жыл соңына дейін толығымен өтелетініне еш күмән жоқ. Бүгінде біз барлық міндеттемелердің 65-70% қаржыландырып үлгердік. Жыл соңына дейін 2,8 трлн теңгені өтеу қалды және ешқандай проблема жоқ», - деп баса айтты министр.

Ботагөз Айтжанова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды