- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының әкімі Қырғызстанның екі облыс губернаторларымен көші-қон мәселесін талқылады
Жамбыл облысының әкімі Қырғызстанның екі облыс губернаторларымен көші-қон мәселесін талқылады
Қос тараптың өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың талаптары, тауар айналымы, жүк тасымалы, көші-қон мәселелерін талқылады. Сонымен қатар туристер мен кәсіпкерлерге өз тиімділігін көрсететін кедендік кедергінің жойылуына қатысты шекарада орын алған өзгерістер де назардан тыс қалған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың 12 тамызы күні Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың бесінші мүшесі ретінде қабылданып, қос мемлекеттің Президенттері сегіз бірдей кеден бекетін ресми түрде алып тастаған болатын. Қазір Одаққа мүше мемлекеттердің арасын тек шекарашылар ғана күзетуде.
Айта кету керек, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекарасының негізгі бөлігі Жамбыл облысының аумағынан өтеді. Жалпы ұзындығы-716 шақырым. Екі ел арасындағы мемлекеттік, экономикалық және әлеуметтік қатынастар облыс аумағындағы 7 бақылап өткізу пункті арқылы атқарылады. Олар Қордай, Жамбыл, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандарында орналасқан. Сондай-ақ, 6 аудан-Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т. Рысқұлов, Шу және Қордай шекаралас аумақтар болып саналады.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді