- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында 470 мың тонна картоп жинап алу жоспарланған – ҚазАгро
Павлодар облысында 470 мың тонна картоп жинап алу жоспарланған – ҚазАгро
Іс-шараның мақсаты жергілікті картоп және көкөніс өсірушілерге әлеуетті тұтынушылармен ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынастарды орнатуға қол ұшын бере отырып, оларға өнімдерін өткізу үшін нақты көмек көрсету болып табылады.
Жәрмеңке аясында павлодарлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жетістігі көрсетіліп, Қазақстан мен Ресей Федерациясының іскерлік сала өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге қатысу үшін мемлекеттік құрылымдар, сауда желілері мен супермаркеттер, тауарлық биржалар, ірі көкөніс сақтау қоймалары мен базарлар, логистикалық орталықтардың өкілдері мен әлеуетті инвесторлар және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады
Бүгінде Павлодар облысы еліміз бойынша суармалы жерлерде картоп өндіру бойынша жетекші орынға ие болып табылады. Мәселен, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2014 жылы республикамызда суармалы жерлерде өсірілген картоптың жалпы көлемі 9 015 205 центнерді құраса, Павлодар облысы бойынша бұл көрсеткіш 1 878 985 центнерге немесе республикалық көлемнің 21%-на тең болған.
Жыл сайын облыста суармалы егіншіліктің алқаптары артып келеді. Биыл былтырғы жылмен салыстырғанда картоп егістігінің алқабы 2,2 мың гектарға немесе 16%-ға артып отыр. 470 мың тонна өнім алу жоспарланған, бұл былтырғы жылдың түсімінен 33,9%-ға артық (351,1 мың тонна).
Өз сапалық көрсеткіштерінің нәтижесінде павлодарлық картоп еліміздің нарығында ғана емес, шетелдік нарықтарда да (Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан) танымалдылыққа ие.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды