- Басты
- Жаңалықтар
- Парламент этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру мен дайындау туралы заң жобасын қарайды
Парламент этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру мен дайындау туралы заң жобасын қарайды
Заң жобасы алкоголь өнімдеріне акциз төлемін көтеруді қарастырады. Сонымен 2016 жылға қарай алкоголь өнімдеріне акциз құны 3,1 есеге дейін көтерілмек.
«Сөзсіз, акциздің өсімімен бірге аталмыш өнім бойынша көлеңкелі айналымның да кеңінен тарайтыны анық. Осыған орай, ҚР Қаржы министрлігінің тарапынан «Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру мен айналымы жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы дайындалды. Қазіргі уақытта аталмыш заң жобасы мемлекеттік органдардың келісіміне жіберілді, алдағы уақытта парламентке тапсырылады», - деді Салық комитетінің төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 11 қазандағы ҚР Президентінің қатысуымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы көлеңкелі экономиканы ауыздықтауда жасалып жатқан жұмыстардың кешеуілдеп жатқанын айтқан. Соның ішінде алкоголь өнімдері айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған заң жобасын Парламентке ұсыну 2015 жылға шегерілді.
«Мен айналымды бақылауды күшейтуге нақты тапсырма бердім. Осы мақсатта біз арнайы заң жобасын дайындадық. Енді осы заң жобасының енгізілуі келер жылға шегерілді. Мүмкін, алкоголь барондары жақсы жұмыс істеген болар...», - деген сын айтты Елбасы.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді