ЕЭК титан сынығына баж салығын уақытша алып тастады

20 Тамыз, 2015 10:43
ЕЭК коллегиясы титан сынығы мен қалдықтарына әкелім бойынша кедендік баж салығын төмендету шешімін қабылдады, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.

«Баж салығының мөлшерлемесі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін өнімнің кедендік құнының 5% -нан 0%-ға дейін төмендетілді. Титан сынықтарын пайдалану титаннан жасалған жартылай фабрикаттардың құнын арзандатады және өндіріс процесін жеңілдетеді. Сонымен қатар, бұл дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деп атап өтті ЕЭК-тың сауда бойынша Коллегия мүшесі (Министр) Андрей Слепнев.

Шешім оны ресми түрде жариялағаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде өз күшіне енеді.

Барлық жаңалықтар