• Басты
  • 25 жылда 300 млрд теңгенің несиесі берілді – Ж.Омаров
14 Қараша, 2019 17:52

25 жылда 300 млрд теңгенің несиесі берілді – Ж.Омаров PR


Биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Қор жалпы сомасы 300 млрд теңге болатын 143 мыңнан астам несие берген екен. Осы орайда Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров   Қордағы бірқатар маңызды жаңалықтар туралы айтып берді.
25 жылда 300 млрд теңгенің несиесі берілді – Ж.Омаров

Басқарма төрағасының айтуынша, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» жүргізіп жатқан трансформацияның аясында бұрынғы «ҚазАгроКепіл» Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына қосылып, екі департамент құрылған.

«Енді Қор «Еңбек» бағдарламасы бойынша кепілдік қызметін жүзеге асырады. Бағдарламаға сәйкес, Қор шағын қаржы ұйымдары мен ауылдық және шағын қалалардағы несие серіктестіктері берген несиелер бойынша кепілдемелер ұсынады», - деді Ж.Омаров.

Сондай-ақ, Қор ауыл шаруашылығы жобаларын сақтандыруға байланысты ұйымдастыру-методологиялық жұмыстарды жүргізетін болады.

«2004 жылы қабылданған "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заң жобасына депутаттар өзгеріс енгізіп, оған мемлекет басшысы биыл 28-қазанда қол қойған болатын. Заң аясындағы актілер қабылданған соң, келесі жылдың қаңтар айынан бастап, Қор оператор ретінде Заңды іске асырумен айналысады», - деді Ж.Омаров.   

Оған қоса, төраға айтып өткендей, келесі бір жаңалық – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры енді тек ауылдағы жобаларды ғана емес, қала кәсіпкерлеріне де несие береді.

«Биыл Қазан айында Қорға тағы қосымша 20 млрд теңге бөлінді. Оның 5 млрд теңгесі қала кәсіпкерлерін қаржыландыруға бағытталып отыр. Жалпы, биыл Қор тарапынан 60 млрд теңгеге жуық несие беру жоспарланды. Оның ішінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында 27,5 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда бұл қаржы толық игеріліп, қосымша бөлінген қаржыны игеру жұмыстары жүріп жатыр», - деді Ж.Омаров.

Айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2013-ші жылдан бері Жұмыспен қамту бағдарламаларының операторы ретін жұмыс істеп келеді.

Ж.Омаров айтқандай, несиеге өтінім беру процесі оңтайландырылды.

«Қор несие беруде бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша тұрақты түрде жұмыс жүгізіп келеді. Мысалы, несиені рәсімдеу мерзімін, құжаттар тізімін қысқартылып, несие өнімдер желісі жақсартылуда. Клиенттерге жеңіл болуы үшін несие мен кепілдік талаптары өзгертілді. Солардың бірі – биыл талондық жүйені енгізілді. Осы арқылы клиент несие өтінімінің нақты мерзімін көре алады және бұл құжаттар пакетін өткізуде ашықтықты қамтамасыз етеді», - деді ол.

Сондай-ақ, несиеге өтінім берудің жаңа жүйесі пилоттық режимде іске қосылған.

«Бұл шалғайдағы ауыл тұрғындарына несие алу өтінімін интернет арқылы тапсыруға мүмкіндік береді. Пилоттық жоба Ақмола облыстық филиалының Нұр-Сұлтан қаласындағы бөлімінде іске қосылды. Келесі жылы бұл жүйені толық енгізу жоспарланып отыр.Түсінікті болуы үшін айта кетейік, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры азаматтардың несие алу мүмкіндігін интернет арқылы онлайн режимде тексеріп алуды ұсынып отыр. Ол үшін тек (ЭЦҚ) электронды цифрлық қолтаңба ғана қажет. Несие алушы кабинетіне тіркеліп, өзінің толық мәліметтерін енгізеді де, «ары қарай» деген нұсқаманы басады. Сосын, келісімге қол қояды», - деп атап өтті Ж.Омаров.

Ол атап өткендей, жүйе несие алуға мүмкіндігі барын немесе несие ала алмайтынын анықтап берді.

«Бұл жүйе өтінім беруші азаматтың несие тарихын, екінші деңгейлі банктерге, салық органдарына және басқа да бюджеттік органдарға мерзімі өткен берешегі бар-жоғын Бірыңғай куәландырушы орталығы арқылы бірден анықтайды. Егер, несие тарихы жақсы болса, өтінімі алдын ала мақұлданады. Осыдан кейін несие рәсімдеуге қажет құжаттарды жинауға кіріседі. Жүйенің тиімділігі - клиент пен Қордың шығындарын үнемдеп, бизнес-процестердің ашықтығын арттырады», - деді Ж.Омаров.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 30,6 млрд. теңге болатын 8,8 мыңнан астам несие берілді.

«Биыл жалпы несие көлемінің 70%-ы стартап жобаларға берілді. Бұл 19,8 млрд теңгеден астам соманы құрайтын 6 мыңнан астам шағын несие.Сондай-ақ, 435 көп балалы отбасына  1,4 млрд. теңге, 1 798 жас кәсіпкерге  6 млрд. теңге қаржы берілді», - деді Ж.Омаров.

 Сонымен қатар, ол несие беру шарттарына тоқталып, бірқатар негізгі несие өнімдері ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жобаларын жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.

««Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша несиелер түрлі мақсаттарға жылдық 6%-тік сыйақы ставкамен беріледі. Бағдарлама аясында мал, құс, бал араларын сатып алуға, сүт, жүн, тері қабылдау бекеттеріне техника мен жабдықтар сатып алуға, көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім жұмыстарына, ауылдағы барлық кәсіп түрін дамытуға, сервистік-дайындау орталықтары мен қайта өңдеу коопреативтерін құру мен дамытуға несие беріліп жатыр», - деді ол.

Сонымен қатар,ол Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында етті және сүтті бағытта мал басын көбейтуге несие беріліп жатқанын айтты.

Айта кетейік,Ауыл шаруашылығын қолдау қоры 1994 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысымен құрылды.

   Аягөз Құрмаш

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды