- Басты
- 25 мың өтінім бір уақытта МӘСҚ-тан төлем алуға өтінім беру үшін қосымша сервисте өңделеді
25 мың өтінім бір уақытта МӘСҚ-тан төлем алуға өтінім беру үшін қосымша сервисте өңделеді
Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Enbek.kz электронды еңбек биржасының платформасында іске қосылған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтініштер беру сервисі арқылы бір уақытта 25 мыңға дейін өтініш өңделеді.

42500.enbek.kz сервисіне азаматтардан шағымдардың көп түсуіне байланысты мәліметтерді бір уақытта өңдеуге 25 мың өтінішке дейін сандық шектеу қойылды. Бұл сервистің бұзылуын болдырмау үшін жасалады.
Азаматтардан шыдамдылық пен түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Егер бірінші әрекеттен өтініш беру мүмкін болмаса, оны қайталау қажет.
Қазіргі уақытта сервис арқылы бекітілген 6 санаттың 5-еуі әлеуметтік төлем алуға өтініш бере алады. Жақын арада мұндай мүмкіндік бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге да беріледі.
Фейк ресурстардың пайда болуына байланысты азаматтардың назарына https://42500.enbek.kz/ сайттың дұрыс мекенжайы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1) https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;
2) «42 500 жәрдемақы алу» таңдаңыз;
3) өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды пошта көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;
4) нысанды (форма) жіберу керек;
5) жүйе телефон нөмірін сұрайды;
6) телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;
7) өтініш жіберілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да өтінішті өңделіп, деректер тексерілгеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);
- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;
- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі – 3 жұмыс күні.
-
COVID-19: "Пандемияның екінші жылы біріншісінен қиын болуы мүмкін"
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
Үшінші тоқсандағы мектептегі оқу мен ЖОО-дағы екінші семестр қалай жүргізіледі
-
Парламент Мәжілісі депутаттына ҚХА кандидаттарына дауыс беру нәтижесі жарияланды
-
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
А.Сарғазин: Бүгін дауыс беру шарттарын бұзу туралы шағым түскен жоқ
-
Сайлаушылар дауыс беруге белсенді келуде
-
2021 жылы медициналық сақтандыру үшін кім қанша төлейді
-
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
Қарағандыдағы геохимиялық зертхана 40 мың геологиялық сынамаға зерттеу жүргізді
-
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді
-
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды

