- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ЖҚЖК-2020 бойынша ағымдағы жылы 25 мың жас жұмысқа орналастырылды
Қазақстанда ЖҚЖК-2020 бойынша ағымдағы жылы 25 мың жас жұмысқа орналастырылды
Аталып өткендей, олардың ең жоғарғы көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан облысында (7 мың) болды, Алматы және Қостанай облыстарында сәйкесінше 3 және 2 мың жастар орналастырылды.
Жұмыспен қамту орталығына алғаш рет өтініш білдірген 13 мың жастар мемлекеттік қолдау шараларын қолданусыз жұмысқа орналастырылды. Ең жоғарғы көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысының еншісінде: 3,5 мың адам.
«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының 1 бағыты бойынша қатысушылардың инфрақұрылым жобаларына жұмысқа орналастырылған жастар саны 567 болды.
«ЖҚЖК 2020» бағдарламасының 1 бағыты аясында 285 жастар микронесие алды. Олардың ішінде 210 адам тұңғыш рет өз меншікті ісін ашты. Сонымен қатар, микронесие алушылар қосымша 113 жұмыс орнын ашты.
Сондай-ақ, «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының шеңберінде оқу орындарын тәмамдаған түлектер үшін мамандық бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесіне дағдылану мақсатында жастар практикасын өту мүмкіндігі қарастырылған. Жастар практикасын өту мақсатында жұмысқа орналастырылған бағдарлама қатысушыларының еңбекақысын субсидиялау мерзімі 6 айдан аспайды.
Жастар практикасына бағытталған бағдарлама қатысушылары еңбекақысын субсидиялаудың айлық көрсеткіші 18 айлық есептік көрсеткішке тең (36000 теңге).
Сонымен, 2015 жылдың 1 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес жастар практикасынан өткен 4,8 мың адам еңбекке дағдыланды. Аталмыш практикаға қатысқан азаматтардың саны ОҚО, Алматы және Қызылорда облыстарында жоғарғы көрсеткіштерге ие болды.
Мемлекет субсидиялайтын әлеуметтік жұмыс орындарына кәсіптік оқудан кейін 6 мыңнан астам азаматтар тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 11 ақпанда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының тиімділігін атап айтып, оны жандандыруға тапсырма берді.
Аталған тапсырманы орындау мақсатында: Мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды және аз қамтылған тұрғындарды басымдылық негізінде жұмыспен қамту. Барлық өңірлерде аз қамтылған азаматтарды еңбекке ынталандыруды күшейту үшін пилоттық тәртіпте 1 тамыздан бастап келісім-шарттық негізде шартталған әлеуметтік төлемдер енгізілді. Оларды іске асыру нәтижесінде заң жобасы әзірленеді.
«Ағымдағы жылы бағдарламаны әрі қарай іске асыруға 37,3 млрд. теңге (2014 ж. – 94,3 млрд. теңге, 2013 ж. – 102,9 млрд. теңге, 2012 ж. – 57,6 млрд. теңге) қарастырылған», - делінген хабарламада.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады