- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да теміржол саласына 1400-ден астам рационализаторлық шешімдер енгізілген
ҚР-да теміржол саласына 1400-ден астам рационализаторлық шешімдер енгізілген
Барлық идея авторлары техникалық шығармашылықтарын материалдар мен ресурстарды үнемдеуге және өндірістік үдерістерді жетілдіруге, ауыр еңбекті жеңілдетуге жұмсайды.
Биылғы жылы саладағы рационализаторлар байқауына барлығы 1500-ден астам еңбеккер қатысып, 1658 рационализаторлық шешімдерін ұсынды. Олардың 1470-і өндіріске енгізілді.
«Үстіміздегі жылдың жеңімпазы болып Есіл ірілендірілген жол дистанциясының слесары Сергей Мигуля танылып, «42РТМ-А-ЧМ және РВ1: М радиостанцияларындағы қуат көздерін тексеру мен қалпына келтірудің қолға алып жүруге болатын қондырғысы» атты ұсынысы бірінші орынға көтерілді», - делінген хабарламада.
Екінші орынды Семей жол бөлімшесінің еңбеккерлеріне «Теміртранс» ЖШС кірме жолындағы вагондардың тұру уақытын қысқарту» ұсынысы танылды.
Үшінші орынды Шымкент электрмен қамту жол дистанциясының жетекші инженері Галина Попова «Шымкент НОД-ы ғимаратын электрмен жабдықтаудың нобайын өзгерту» ұсынысымен алды.
Сала бойынша барлығы 16 маман «Үздік рационализатор» белгісімен марапатталды. 12 адам үздік информатикалық техникалық шешім үлгісі бойынша алдыңғы қатарға шықты. Филиалдардың ішінде Жамбыл белгі беру және байланыс жол дистанциясы, Көкшетау электрмен қамту дистанциясы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Оңтүстік» филиалы үздіктер қатарында көш бастады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қашанда рационализаторлық шешімдерімен көрініп келе жатқан ұжымдар мен жеке еңбеккерлерді бесінші жыл қатарынан марапаттап келеді.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты