- Басты
- Жаңалықтар
- ҮИИДМБ жүзеге асыру заңнаманы жаңғырту мен экономика дамуын қамтыды (ВИДЕО)
ҮИИДМБ жүзеге асыру заңнаманы жаңғырту мен экономика дамуын қамтыды (ВИДЕО)
«Қазақстанда экономиканы әртараптандыру бойынша көптеген бағдарламалар жасақталды, оларды іске қосуға да ұмтылыс жасалды. Алайда жемқорлық проблемаларына байланысты бағдарламалар жүзеге асырылмай жарты жолда қалып қоя берді. Нәтижесінде жүзеге асырылған жалғыз бағдарлама Қазақстанның дамуындағы бірнеше аспектілерді қамтыды: заңнаманы жаңғырту, экономикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестиция мен инновацияны тарту бойынша орталықтарды құру», - деді Д.Әшімбаев.
Оның айтуныша, ҮИИДМБ үшін бір жүйеге қойылған басқару үлгісі энергетика, өндіріс пен көлік инфрақұрылымы салаларында қыруар шаруа атқаруға мүмкіндік берді.
«Министрліктер біріктілді, министрлердің статусы арттырылды, жалпы, билік басында білікті команда жасақталды. 3-4 жылда олар өте жақсы жұмыс істеді. Рас, қателіктер болған шығар, мүмкін тәжірибе жетпеді, мүмкін дұрыс есептелмеген шығар, дегенмен үлкен шаруа бітірілгенін жоққа шағара алмаймы», - деді сарапшы.
Саясаттанушының пайымынша, ҮИИДМБ аясында жүзеге асырыла алмаған жобалар ұзақмерзімді және олардың экономикалық тиімділік 10-15 жылдан кейін ғана болады.
«Қазір бірінші бесжылдық аяқталды. Кейбір салаларда ойымыздағыны жүзеге асыра алмадық. Мәселен, ғылыми қызмет. Алайда ғылым ол соншалықты жылдам нәтиже беретін сала емес. Ол үшін 10-15 жыл уақыт керек. Бұл өте үлкен қаржы және ол өзін-өзі жылдам ақтамайды. Дегенменде бүгінгі әлемдегі экономикалық жағдайларды есепке алатын болсақ мемлекет жақсы өсім динамикасын көрсете білді», - деп түйді Д.Әшімбаев
Анар Тәңірқұлова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері