Алматыда БҰҰ-ның аймақтық өкілдігі ашылады

24 Қазан, 2013 15:40
ҚР СІМ Алматыда БҰҰ-ның аймақтық өкілдігін ашуды жоспарлап отыр, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков Қазақстан Республикасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының 20 жылдық әріптестігіне арналған семинарда.

«2014 жылдан кейін, Ауғанстаннан әскер шығарылғасын, біз Алматыдағы БҰҰ аймақтық өкілдігі аясындағы осы елдің қалыпқа келтірілуі мен дамуына ат салысуды жоспарлап отырмыз», - деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, БҰҰ-да, өзге халықаралық ұйымдарда Қазақстандағы жұмыстарына әбден көңілдері толады.

«Дәс осы себепті біз жиырма жылдан кейін Алматыда БҰҰ-ның аймақтық өкілдігін ашуды ойладық. Біз аймақтағы өз көршілеріміздің дамуына көмек бермекпіз. Осынау үлкен бастамалар, менің ойымша, біздің дипломатиямыздың мойнына жүктеледі», - деді А.Волков.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрі қазірде өкілдіктің ғимараты анықталып, енді кадр жөнінде БҰҰ-мен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

 

Барлық жаңалықтар