- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев пен Қ.Мами сот жүйесін Ұлт жоспары аясында реформалау шараларын талқылады
Н.Назарбаев пен Қ.Мами сот жүйесін Ұлт жоспары аясында реформалау шараларын талқылады
Кездесуде сот жүйесін «100 нақты қадам – баршаға арналған заманауи мемлекет» ұлт жоспары аясында реформалау шаралары және республика соттарының 2015 жылдың бірінші жартысындағы жұмыс қорытындылары талқыланды.
Қазақстан Президенті осы саладағы жаңа кодекстердің қолданыла бастауын және бас бостандығынан айыруды мемлекетке келген зиянның орнын толтырумен алмастыратын қамауға алуға балама шаралар мен жазаларды мейлінше кеңінен қолдануды қоса қамтитын реформалардың оң ықпалын атап өтті. Мемлекет басшысы барлық құқық бұзушылықтарды тіркеу ауыр қылмыстардың санын азайтуға септігін тигізгеніне назар аударды.
Жоғарғы сот төрағасы республикада сот төрелігін жүзеге асырудың өткен жартыжылдықтағы қорытындылары сапа көрсеткішінің тұрақтылығы мен істі қарау мерзімінің сақталып отырғанын көрсететінін айтты. Республикада шығарылған барлық сот актілерінің 98,6 пайызы заңды әрі негізді деп танылған. Елде сотталғандардың саны айтарлықтай қысқарып, ал жасалған экономикалық қылмыстар үшін мемлекетке қайтарылған қаражаттың жалпы көлемі биыл шамамен 950 миллион теңгені құраған.
Қ.Мәми Жоғарғы Сот реформаны жүзеге асыру, соның ішінде үш буынды сот жүйесіне көшу тұрғысынан рет-ретімен жүргізілетін шараларды атқарғанын айтты. Сонымен қатар судьялыққа кандидаттарға арналған жаңа біліктілік талаптарын енгізу, Жоғарғы Сотта инвестиция жөніндегі мамандандырылған алқа құру және Халықаралық консультативтік кеңес құру мәселелері де қарастырылған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері