• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г. Қарағұсова: ҚР-ның жеңіл өнеркәсіптері заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталған

Г. Қарағұсова: ҚР-ның жеңіл өнеркәсіптері заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталған

18 Тамыз, 2015 14:32
Отандық жеңіл өнеркәсіп ошақтары бәсекеге қабілетті және заманауи инновациялық технологиялармен жабдықталған, деп ағынан жарылды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова ұжымымен кездесу барысында.

«Бүгін біз аймақтардағы жұмысымыздың аясында әріптестерімізбен бірге Елбасы «100 нақты қадамда» атап көрсеткен  бизнестің проблемаларын қарастыруды жөн көрдік. Біз әйел кәсіпкерлігі нысандарын араладық. Мысалы, «Ютария Ltd» өндірістік инновациялық компания»ЖШС оның Жезқазған, Шымкент қалаларында филиалдары бар. Олар шын мәнінде бәсекеге қабілетті, барлығы заманауи технологиялармен жабдықталған.  Еңбек өнімділігі де өте жоғары», – деп түсіндірді депутат.

Оның айтуныша, қазақстандық материалдардың барлығы мақталықағаз болып келеді және сапасы да өте жоғары.

«Мектеп формасын елімізде де тіге аламыз, ол үшін шетелге тапсырыс берудің қажеті жоқ. Салықтар елімізде қалады, жұмыс орындары ашылады және кедейшілік проблемасын шешеміз», – деді Г. Қарағұсова.

Депутаттың хабарлауынша, аталмыш кәсіпорын мүмкіндігі шектеулі жанарды жұмысқа ала алады, бұл өз кезегінде аталмыз санаттағылардың қолжетімді орта мәселесін шешеді.

Айта кетерлік жайт, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында құрылған «Ютария ltd» өндірістік инновациялық компаниясы» ЖШС түрлі сала жұмысшылары үшін компьютерлік технология мен графиканы қолдана отырып, арнаулы киім дайындауға мамандандырылған.  Фабрика цехтарында тігетін, пішетін, кесте тігетін автоматтандырылған бағдарлама арқылы басқарылатын жабдық бар.  Кәсіпорында жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын инновациялық жобалау, нанотехнологияны қолдану үдерістері, ғылыми-қолданбалы әзірлемелер енгізілген.   

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар