«Қазақстан-2050» Стратегиясы» – ел болашағының айқын көрінісі

24 Қазан, 2013 14:55
«Астанада жүргенде мен «Қазақстан-2050» Стратегиясы» жайлы көп айттым. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – ел болашағының айқын көрінісі», - деді БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты өкілі Стивен Тулл.

Оның айтуынша, БҰҰ-ның жұмысы мен стратегиясының негізгі мақсаты – Қазақстанның ішкі жағдайын күшейту және жаһандық дәрежеде аймақтық күшке айналдыру.

«Тек былтырғы жылдың өзінде Қазақстан БҰҰ-ның адам құқы жөніндегі мүшелігіне өтті, көгалдандырудың ұзақ жолына түсті, мыңдаған жылдарға татитын көптеген жетістікке қол жеткізіп, «Қазақстан-2050» Стратегиясын»  қабылдады», -деді С.Тулл.

Айта кету керек, Астанада халықаралық БҰҰ күніне орай «БҰҰ мен Қазақстан: 20 жыл әріптестік пен қызметтестік» семинар-таныстырылым өтті.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар