- Басты
- Жаңалықтар
- «Достастық жауынгері» байқауының үздік нәтижелері мен жоғарғы ұпайлары ҚР ҚК әскери қызметшілерінің еншісінде (ФОТО)
«Достастық жауынгері» байқауының үздік нәтижелері мен жоғарғы ұпайлары ҚР ҚК әскери қызметшілерінің еншісінде (ФОТО)
«Кәсіпқой», «Атлет», «Эрудит» сайыстарының қорытындылары бойынша АРД кедергі жолағын игеруден, Ф-1 гранатасын дәл лақтырудан және дене даярлығынан машықтанған дағдыларын көрсеткен әскерилер арасында Қазақстан армиясының әскери қызметшілері үздік нәтижелер көрсетті.
Атап айтсақ, әскери қызметші ер-азаматтар арасындағы үш байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды 97616 әскери бөлімінің взвод сержанты сержант Орынбек Сандыбеков (57 ұпай, Қазақстан), екінші орынды 68665 әскери бөлімінің взвод сержанты аға сержант Рүстем Сәтжанов (52 ұпай, Қазақстан), үшінші орынды – 62295 әскери бөлімінің барлаушы-мергені қатардағы жауынгер Вадим Ветошкин (47 ұпай, Ресей) иеленді.
Сонымен қатар, әскери қызметші әйелдер арасында бірінші орын – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілі – 85510 әскери бөлімінің экспедиторы кіші сержант Людмила Губареваға (44 ұпай) бұйырды, екінші орынды – 22277 әскери бөлімінің байланыс взводы радиостанциясының радиотелеграфисі қатардағы жауынгер Елена Луткова (38 ұпай, Ресей Федерациясы) еншіледі, үшінші – 97020 әскери бөлімінің далалық байланыс торабы және ЗАС аға радиотелеграфисі ефрейтор Анна Ковалевская (37 ұпай, Белорусь Республикасы) болды.
Бүгін 6 елдің әскери қызметшілерімен 100 метрге жүгіру жарысы, күштік жаттығулар, АК-74 қалыпты ұрыс күйіне келтіру және оның тексеру, әскери-спорттық атыс, жалпы әскери қорғаныс кешенін кию, сондай-ақ суық қаруды лақтыру және нысананы көздеу жарыстары өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, достас армиялардың әскери қызметшілері арасындағы әскери кәсіби шеберлікті айқындайтын «Достастық жауынгері» атты халықаралық байқау ТМД елдерінің Қарулы Күштерінің базасында жыл сайын өтеді. Биыл жарысқа Қазақстан, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері қатысуда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері