- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша өтетін транзиттік контейнерлік пойыздар саны үш есе артты
Қазақстан арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша өтетін транзиттік контейнерлік пойыздар саны үш есе артты
Жыл қорытындысы бойынша, 40 мың контейнерден тұратын 510 контейнерлік пойыз жасақтау жоспарланып отыр. Көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 40 есеге жоғары болып отыр.
Қазіргі таңда әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты дәстүрлі бағдардағы жүк тасымалының төмендегендігі жасырын емес. Соған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы жаңа транзиттік үш бағдарға басымдық беріп отыр. Оның ішінде Шығыс-Батыс (Қытай –Еуропа -Қытай), ТРАСЕКА (Қытай-Түркия –Кавказ елдері),Солтүстік-Оңтүстік (Қытай- Ресей- Индия, Парсы шығанағы елдері) бағдары таңдалды.
Ұлттық компания жүрдек контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру арқылы сыртқы нарыққа өз қызметін ұсына бастады. Контейнерлік тасымалдың артуы теңіз тасымалына қарағанда соңғы жылдарғы құрлық арқылы жүк тасымалдауға көңіл аударылғандығы себеп болып отыр. Оның ішінде ең үлкен сұранысқа ие болып, табысты жүргізіліп жатқаны Қытай-Еуропа-Қытай бағдары.
2011 жылдан бері Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Еуропаға тұрақты контейнерлік пойызы жүре бастады. Содан бері тасымалдау көлемі 17 есеге артты. Оны өткізу белгіленген кестеге сай, тауарларды қысқа мерзімде «есіктен-есікке дейін» тәртібімен 14-15 тәулікте жеткізеді.
Биылғы шілде айында Шихэцзы (Қытай) – Достық –Ақтау порты (Қазақстан) –Кишлы (Әзербайжан) аумағы арқылы тұңғыш контейнерлік пойызы ұйымдастырылды. Бұл арқылы Қытайдан шыққан жүктерді Кавказ елдері, Еуропаға, Түркияға жеткізуге болатындығы дәйектелді.
Оның сыртында Солтүстік- Оңтүстік көлік дәлізін барынша тиімді пайдалану мәселесі қарастырылуда. Түрікменстан, Иранның қатысуымен бәсекелестікке сай, қосымша жүк ағындарын тарта отырып, оларға жеңілдіктер қарастыру мәселесі алдыңғы қатарда тұр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері