• Басты
  • Астана кәсіпорындарының жыл басынан бері байланыс қызметінен түскен пайдасы 2 млрд теңгеден асып жығылды – ҚР ҰЭМ
20 Тамыз, 2015 10:04

Астана кәсіпорындарының жыл басынан бері байланыс қызметінен түскен пайдасы 2 млрд теңгеден асып жығылды – ҚР ҰЭМ

Астана кәсіпорындарының почталық және курьерлік қызмет көрсетуден түскен табысы 2318,5 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезең деңгейінен 2,6 есеге жоғары, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Астана кәсіпорындарының  жыл басынан бері байланыс қызметінен түскен пайдасы 2 млрд теңгеден асып жығылды  – ҚР ҰЭМ | Strategy2050.kz

2015 жылғы қаңтар-шілдеде қаланың байланыс кәсіпорындары 81706,9 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті.

Аталып өткендей, 2015 жылғы қаңтар-шілдеде байланыс қызметінен түскен табыстар құрылымында 61,6%-ын жедел әрекетті байланыс алады, интернет - 21,1%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері - 1,4%, жергілікті телефон байланысы - 2,2%, өзге де байланыс түрлері 13,7%-ды құрады.

«Табыстардың жалпы көлемінен 65%-ы халыққа байланыс қызметін көрсетуден түсті және 53139,2 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы сәйкес кезеңдегі деңгейден 16,1%-ға төмен», – делінген хабарламада. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды