ҚР-ның IV Паралимпиадалық ойындарына 600-ге жуық спортшы қатысады

18 Тамыз, 2015 09:48
Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, дүбірлі додада 424 медальдар жұбы жеті паралимпиадалық спорт түрлері бойынша сарапқа салынады. Олар: жүзу, пауэрлифтинг , оқ ату, жеңіл атлетика , отырып волейбол ойнау, үстел тенисі, би жарысы. «Мамыр мен тамыз айлары аралығында еліміздің барлық облыс орталықтарында аймақтық және қалалық жарыстар өткізілді. Оларға 4000-ға жуық спортшылар қатысты. Үздіктері республикалық параалимпиадалық ойындарға жолдамалар жеңіп алды», - делінген хабарламада. Айта кетерлік жайт, ҚР-ның IV Паралимпиадалық ойындары 2016 жылы Рио-де-Жанейрада (Бразилия) өтетін Паралимпиадалық ойындарға лицензия жеңіп алуға дайындық болып табылады.

Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, дүбірлі додада 424 медальдар жұбы жеті паралимпиадалық спорт түрлері бойынша сарапқа салынады.  Олар: жүзу, пауэрлифтинг , оқ ату,  жеңіл атлетика , отырып волейбол ойнау,  үстел тенисі, би жарысы.

«Мамыр мен тамыз айлары аралығында еліміздің барлық облыс орталықтарында аймақтық  және қалалық жарыстар өткізілді. Оларға 4000-ға  жуық спортшылар қатысты. Үздіктері республикалық параалимпиадалық ойындарға жолдамалар жеңіп алды», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, ҚР-ның  IV Паралимпиадалық ойындары 2016 жылы Рио-де-Жанейрада (Бразилия) өтетін Паралимпиадалық ойындарға лицензия жеңіп алуға дайындық болып табылады. 

Барлық жаңалықтар