- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: СҚО-да ағымдағы жылы 90 млрд теңгеге 60-тас астам жоба жүзеге асырылуда
ИИДМБ: СҚО-да ағымдағы жылы 90 млрд теңгеге 60-тас астам жоба жүзеге асырылуда
Жалпы өңiрлiк өнiмнiң көлемi 143,3 млрд. теңгенi құрады.
«Биылғы жылдың қорытындысы бойынша облыстағы ЖӨӨ-нiң нақты өсiмiн экономиканың барлық салаларында, ең алдымен ауыл шаруашылығында өндiрiс көлемiн арттыру есебiнен 103,4 пайыз деңгейiне жеткiзу жоспарлануда»,-дедi өңiр басшысы.
2015 жылдың бiрiншi жартыжылдығында ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 5,6 пайыз өсiммен 36,3 млрд. теңгенi құрады. Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған “Сыбаға”, “Құлан”, “Алтын асық” бағдарламалары табысты дамуда.
2015 жылы Индустрияландыру картасының екiншi бесжылдығы басталды. Облыста сомасы 90 млрд. теңгеден асатын 60-тай жобаны жүзеге асыру көзделiп отыр. Егер бiрiншi бесжылдықта олар 65,9 млрд. теңгенiң тауарын шығарса, тек осы жылдың бiрiншi жартыжылдығында ғана өнiм көлемi 10,4 млрд. теңгеден асты.
“Бизнестiң жол картасы — 2020” мемлекеттiк бағдарламасы бұрынғысынша кәсiпкерлiктi қолдаудың басты тетiгi болып табылады. Өңiрлiк үйлестiру кеңесi үстiмiздегi жылдың 6 айында бағдарлама аясында бизнес субъектiлерiнiң бюджеттiк көмек көрсетуге арналған 86 өтiнiмiн мақұлдады.
«Облыста туризм саласын дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Осы мақсатта үстiмiздегi жылдың наурыз айында Солтүстiк Қазақстан облысының туризмiн дамытудың шеберлiк жоспары және оны жүзеге асырудың шаралар жоспары бекiтiлдi. Бүгiнгi күнi “100 нақты қадам“ Ұлт жоспары аясында Айыртау ауданындағы Шалқар және Имантау көлдерiнде жағажай, сауықтыру туризмiн дамыту мәселесi қаралуда»,-дедi өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов.
Солтүстiк Қазақстан облысы әлемнiң 70-тен астам елiмен байланыс жасайды. Үстiмiздегi жылдың 5 айында облыстың сыртқы тауар айналымы 77,6 млн. АҚШ долларын құрады, оның iшiнде экспорт — 40,4 млн. АҚШ доллары, импорт — 37,2 млн. АҚШ доллары. Облыстың негiзгi экспорттық тауары бидай мен ұн, ол жалпы экспорттың 78,2 пайызын құрайды. Негiзiнен, машиналар мен құрал-жабдықтар, көлiктер, сондай-ақ, машина жасау саласының дайын өнiмдерiн өндiру үшiн жинақтайтын бұйымдар импортталады.
Үстiмiздегi жылғы 6 айда барлығы 31,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi, ол өткен жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 104,3 пайызды құрайды.
«“Нұрлы Жол” бағдарламасы шеңберiнде облысымыздың автомобиль жолдарының желiсiн дамыту және жақсарту жөнiнде зор мiндет қойылып отыр. Үстiмiздегi жылы жергiлiктi мақсаттағы автомобиль жолдарына сомасы 5,2 миллиард теңге болатын жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған», - деді СҚО әкімі.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері