- Басты
- Жаңалықтар
- 2012 жылы «Ақ бұлақ -2020» бағдарламасы бойынша 2,4 мың шақырым су құбыры жөнделді
2012 жылы «Ақ бұлақ -2020» бағдарламасы бойынша 2,4 мың шақырым су құбыры жөнделді
«2012 жылы 2,4 мың шақырым су құбыры мен кәріздік желі жөнделді. Жалпы еліміз бойынша сумен жабдықтау желісінің ұзындығы 53 мың км құрайды, оның ішінде қалаларда - 29,9 мың км, ауылдарда - 23,1 мың км. Желілердің жағдайына байланысты 31,8 мың км су құбыры желісін жөндеуден өткізу қажет», - деді Ғ.Оразбаев.
Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау желісіне қолжетімділік қалаларда 84%, ауылдарда - 43%, су бұру бойынша қалаларда - 75%, ауылдарда - 9% болған.
ҚжТКША мәліметтеріне қарағанда, қалалардағы орталықтандырылған сумен жабдықтау деңгейі 82% құрайды, 2020 жылға қарай жүз проценттік көрсеткішке жету көзделуде. Бағдарлама шеңберінде қалалық жерлерде жүргізілетін басты шара – қолданылып жүрген сумен жабдықтау және су бұру жүйесін жөндеуден өткізіп және жаңғырту арқылы ауыз судың сапасын арттыру болып табылады.
Өз кезегінде, ауылдық жерлерде қазіргі кезде 6943 елді мекен бар, олардың 2999 немесе 43% орталықтандырылыған сумен жабдықтау желісіне қосылған, 3944 ауыл тасымал суды немесе шахталық құдықтардың суын пайдаланады.
2020 жылға қарай ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау желісіне қолжетімділік 80% құрауы қажет, бұл елдегі 5554 ауыл орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталатын болады деген сөз.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар