- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетін Түркияның өндірістік орталығы Конья қаласында таныстырылды
Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетін Түркияның өндірістік орталығы Конья қаласында таныстырылды
Аймақтық индустриалды – инновациялық даму басқармасынан хабарлағандай, сапардың негізгі мақсаты — қазіргі заманғы Түркияның жеделдетілген дамуының жинақталған тәжірибесін, негізінен өнеркәсіптік орталық — Конья қаласы индустриалды аймағының қызмет ету механизмін зерттеу.
Конья қаласында 9 ұйымдасқан өнеркәсіптік аймақ пен 15 шағын индустриалды аймақ жұмыс істейді.
«Аймақаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында әкім Конья аймағы басшылығымен кездесті. «Жасыл технологияны» қолданатын энергетика, құрылыс индустриясы, металл өңдеу саласындағы бірқатар кәсіпорындарда болды. Сондай-ақ облыс әкімі Анталья қаласының мэрімен кездесіп, туристік саладағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.
2049 га аумақты иеленген Коньяның ұйымдасқан өнеркәсіп аймағында өндірістің 80 әр түрлі секторындағы 520 кәсіпорын жұмыс істейді, оларда жұмыс істейтіндердің саны — 30 мың адам.
Автомобиль өнеркәсібі, машина құрылысы және жабдықтар, металл өнімдері өндірісі, азық-түлік және сусындар өндірісі, жиһаздар, тері, пластмасса, резеңке, тоқыма бұйымдары, ағаш, қағаз және металл емес минеральды өнімдер секілді салалар даму үстінде. Коньяның ұйымдасқан өнеркәсіп аймағында болу барысында Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуеті мен жобалары таныстырылды, экономиканың әр түрлі салалары бойынша әріптестік туралы кәсіпорындардың ұсыныстары білдірілді.
Ақтөбе облысының әкімшілігі ірі деңгейдегі жобаларды жүзеге асыруға түрік инвестициясын тартуға мүдделілігін айқындады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары