• Басты
  • Жаңалықтар
  • Отар» 40-ншы әскери базасында «Достастық жауынгері» халықаралық байқау басталды (ФОТО)

Отар» 40-ншы әскери базасында «Достастық жауынгері» халықаралық байқау басталды (ФОТО)

17 Тамыз, 2015 15:04
Жамбыл облысына қарасты «Отар» 40-ншы әскери базасында достастық армиялардың әскери қызметшілері арасындағы әскери кәсіби шеберлікті айқындайтын «Достастық жауынгері» атты халықаралық байқау басталды.

ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, байқау Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына ұштасуына байланысты ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің шешімімен 2015 жылдың 17-20 тамызы аралығына өтеді деп белгіленді.

Қазақстан, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Қарулы Күштерінің сарбаздары мен сержанттары арасындағы жарыс барысында шеберлігі барынша шыңдалған әскери қызметшілер анықталатын болады.

Айта кетерлік жайт, Әскери қызметшілерден тұратын әр команда құрамына үш ер-азамат және бір әйел кіреді.

«Алты елдің әскери қызметшілері АРД кедергі жолағын игеруден, жалпы әскери қорғаныс жиынтығын киюден, суық қару лақтырудан, атыстан, дене даярлығынан машықтанған дағдыларын көрсетеді. Сонымен қатар қатысушылар АК-74 автоматымен жұмыс жасау, әскери тарих, ҰОС жылдарындағы кеңестік жауынгерлердің даңқты ерлігі мен әскери айбыны, ТМД елдері арасындағы армияның дәстүрлері, халықаралық гуманитарлық құқық нормалары туралы білімін көрсетеді», - делінген хабарламада.

Достастық армиялардың әскери қызметшілері арасындағы әскери кәсіби шеберлікті айқындайтын «Достастық жауынгері» атты халықаралық байқау ТМД елдерінің Қарулы Күштерінің базасында жыл сайын өтетінін айта кеткен жөн. Алдыңғы байқаулар Ресей Федерациясы мен Белорусь Республикасының аумағында өткізілді. Қазақстандық жауынгерлер байқауға ұдайы қатысып, жоғарғы жеке даярлық деңгейін көрсетуде, сондай-ақ үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді. 

Барлық жаңалықтар