• Басты
  • Жаңалықтар
  • Арал маңында жыл соңына дейін спорт кешені мен стадион пайдаланылуға беріледі

Арал маңында жыл соңына дейін спорт кешені мен стадион пайдаланылуға беріледі

17 Тамыз, 2015 14:32
Арал маңы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында ағымдағы жылы жаңа спорт кешені мен стадион пайдаланылуға беріледі, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Қазалы, Жаңақорған аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің пайдалануға беру күтілуде. Бұдан басқа, қыркүйек айында Қызылорда қаласында бокс орталығы мен ипподром салынса, қала орталығында Илья Ильин атындағы ауыр атлетикадан спорт кешені және 3 мың орындық жабық футбол манежінің құрылысы басталады.

Спорт күні кәсіби мерекесіне орай Қызылорда қаласында салауатты өмір салтын насихаттау, әрі облысымызда велоспорттың кеңінен өркен жайылуына үлес қосу мақсатында 500-ге жуық спортшының қатысуымен бұқаралық велошеру өтті. Велошеру Тасбөгет кентінен басталып, Жібек жолы көшесімен Абай даңғылы арқылы өтіп, орталық алаңда аяқталды. 

Барлық жаңалықтар