- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Арал ауданының дамуына жоғары баға берді
Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Арал ауданының дамуына жоғары баға берді
Делегация құрамында Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қорының өкілі Юрий Оксамитный, аймақтық бағдарламалар бойынша үйлестіруші Үміт Қажғалиева, ЮНИСЕФ-тің Қызылорда облысындағы координаторы Анар Ізден бар.
Делегация өкілдері алдымен аудандағы денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер қаншалықты жүзеге асып жатқандығын көру үшін орталық ауруханаға барып, ақ халаттылардан емделушілердің жағдайын сұрап білді. Аудандық орталық аурухананың бас дәрішері Марат Ршымбетов қонақтарға өзі басшылық етіп орталықтың атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жобалары жайында әңгімелеп берді. Сондай-ақ, меймандар орталық ауруханаға қарасты перзентханаға соғып, ондағы ана мен баланың жағдайымен танысты.
«Перзентханадағы жағдай өте жақсы. Бала өсімі көбейіп, ана өлімі азайды. Босанған әйелдер өздерінің алтыншы, енді бірі жетіншісін дүниеге әкеліп жатыр. Бұл біз үшін қуаныш. Біз бұны көптен армандадық»,- дейді аудандық перзентхананың бас дәрігері Көлбаева Қанымша.
Бұл жағымды жаңалыққа Юрий Оксамитный таң қалғанын білдірді. Мемлекеттегі халық санын көбейтіп жатырған көп балалы әйелдерге ризалығын айтып, аналардың бұл ісін ерлікке балады.
ЮНИСЕФ өкілдерінің келесі бағыты қаладағы №262 мектеп –гиназиясында болды. Мектептің жаңа үлгідегі кабинеттеріне, мәжіліс залына, кітапхана, оқу кабинеттерін аралады. Сондай-ақ осы ғимараттағы «Ұмай» қайырымдылық үйіне барып, тәрбиеленуші балалардың жағдайымен танысты. Ұмайлық балалар да қонақтарға өздерінің өнерлерін көрсетіп, шағын концерттерін ұсынды.
Меймандар сапарды Арал балықшыларының мұражайында жалғастырды. Юрий Оксамитный көненің көзіндей сақталған жәдігерлері балық аулау құралдары, кемелердің шағын макеті, Лениннің балықшыларға жолдаған хаты мен кезіндегі балық шаруашылығы министрінің портреттерімен танысты.
ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі ауданның денсаулық, білім, мәдениет саласының ақпараттарына толық қанығып, Аралдың даму қарқынына оң бағаларын беріп қайтты.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді