Елордада жүк тасымалдау көлемі 70 мың тоннадан асты

17 Тамыз, 2015 12:07
2015 жылғы қаңтар-шілдеде қала көлігімен (жүк автокөлігі бар және коммерциялық тасымалмен айналасатын көліктік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың жүк тасымалдау көлемін бағалауды қоса алғанда) 73607,8 мың тонна жүк тасымалданды, деп хабарлады елорданың ресмисайты.

Астана қаласы статистика департаментінің хабарлауынша, жалпы жүк айналымы 4684,5 млн. тонна км-ді құрады. 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі 5,9%-ға артты.

Дара кәсіпкерлердің тасымалын қосқанда, қаланың автомобиль көлігімен 2015 жылғы қаңтар-шілдеде 1 294,9 млн. жолаушы, соның ішінде қаланың көліктік кәсіпорындарымен 276,7 млн. адам (21,4%), дара кәсіпкерлермен 1 018,2 млн. адам (78,6%) тасымалданды.

Барлық жаңалықтар