• Басты
  • Жаңалықтар
  • С. Кулагин: Су тасқынынан зардап шеккен Оразақ ауылының алғашқы қоныстанушылары жаңа үйлеріне қазан айында кіреді (ФОТО)

С. Кулагин: Су тасқынынан зардап шеккен Оразақ ауылының алғашқы қоныстанушылары жаңа үйлеріне қазан айында кіреді (ФОТО)

17 Тамыз, 2015 11:32
Су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысы Целиноград ауданы Оразақ ауылының алғашқы қоныстанушылары жаңа үйге ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында кіреді, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы Сергей Кулагин аудан мен қала басшыларын тұрғын үйлердің құрылысы барысымен танысуға шақырды және мемлекет зардап шеккен бірде-бір отбасыны қамқорлықсыз қалдырмайтынын ескертті. Барлық тұрғын үйлер қараша айында кілтімен тапсырылады.

Құрылыс басына кезекті сапары барысында аймақ басшысы атап өткендей, табиғат апатыннан қирап қалған ауылда аз уақыт ішінде 200 үйден тұратын жаңа ауыл бой көтерді.

Айта кетерлік жайт, құрылысшылар шамамен 50 іргетасты өз қаржыларына  көтере бастады. Кейінірек, қоғамдық қордың есепшотына түскен қайтарымды негіздегі қаржы есебінен құрылыс  жалғастырды.  Республикалық бюджет қаржысы жақын арада түсуі керек.

Ауыл тұрығындары арысында тұрғын үйлерді бөлуді С.Кулагин шамамен бір айдан кейін , 78 үйдің қабырғасы көтерілгенде бастауды тапсырды.

«Адамдардың арасында бұл үй солардың үйі деген түсінік пайда болады. Олар өз үйлерін әрлеу жұмыстарымен өздері айналыссын. Барлық жаңа үйлер сумен, электр жарығымен, қамтылады және жаңа жол салынады. Алғашқы қоныстанушылар Орақ ауылында жаңа үйлеріне қазан айында кіреді. Ал, қараша айында барлық үйлер кілтімен тапсырылады», – деді әкім.

Сонымен қатар, аймақ басшысы аталмыш ауылдағы мектептің құрылысымен танысты. Мұнда балалар екі ауысымда білім алатын болады. 

Барлық жаңалықтар