• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сарапшы: Заң үстемділігі – бұл мемлекеттің деңгейін бағалайтын индекс (ВИДЕО)

Сарапшы: Заң үстемділігі – бұл мемлекеттің деңгейін бағалайтын индекс (ВИДЕО)

17 Тамыз, 2015 09:47
Заң үстемділігі – бұл мемлекеттің деңгейін бағалайтын индекстердің бірі, деп ағынан жарылды Астана қаласы сотының судьясы Елена Максюта «Strategy2050.kz» АА студиясында берген эксклюзивті сұхбатында.

Заң үстемділігі – бұл мемлекеттің деңгейін бағалайтын индекстердің бірі. Қазақстан тұрақты түрде белсенді дамып келеді, осы ретте заң жүйесі экономиканың дамуы мен заманауи теңденцияларды ескере отырып жаңартылуы керек», – деді Е. Максюта.

Ол атап өткендей, ҚР Президенті «Заң үстемділігі» реформасында жаңғыртуды қажет ететін мәселелерге жіті назар аударды.

Сонымен, реформаның қадамдарының бірі сот алқасының жұмысын күшейту болды.

«Конституцияда азаматтардың қатусымен орнатылатын әділеттік нормасы бар және ол жұмыс істеп келеді. Сот алқасы өте ұзақ жұмыс істейді, адамдар қылмыстық істің қаралуы барысына қатысады. Жалпы олардың қатысуымен қылмыстық істерді қарастыру артып келеді және көптеген азаматтар соған жүгінеді», – деп толықтырды ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар