• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-ның Сайрам аудандық сотына бірінші жартыжылдықта 310-нан астам электронды талап арыз түскен

ОҚО-ның Сайрам аудандық сотына бірінші жартыжылдықта 310-нан астам электронды талап арыз түскен

17 Тамыз, 2015 10:03
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында «Сот кабинеті» арқылы Сайрам аудандық сотына 319 электронды талап арыз түскен, тараптарға сот отырысы болатындығы жөнінде 2 854 СМС хат жолданған, деп хабарлады ОҚО сотының басбасөз қызметі.

Аталып өткендей, бүгінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотында «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы әкімшілік істерді жіберу жөнінде жаңа сервис қосылып жатыр.

Хабарланғандай, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Нуртаева әкімшілік істер бойынша “Сот кабинетін» пайдалану туралы нұсқаулығымен, жадынамасымен таныстырып шығып,  қатысушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар шарада «Сот кабинеті» арқылы әкімшілік істерді жолдау бойынша қойылған талапты орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Барлық жаңалықтар