• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Қазақстанда жыл соңына дейін Индустрияландыру картасы аясында 100 жобаны енгізу жоспарланған

ИИДМБ: Қазақстанда жыл соңына дейін Индустрияландыру картасы аясында 100 жобаны енгізу жоспарланған

17 Тамыз, 2015 09:31
Қазақстанда жыл соңына дейін Индустрияландыру картасы аясында 100 жобаны енгізу жоспарланған. Бүгінде құрылыс нысандарында 45 мың адам жұмыс істеуде, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі.

Аталып өткендей, ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында 20 жоба пайдаланылуға беріліп, 2 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, индустрияландырудың екінші бес жылдығы аясында –  2015-2019 жж ИИДМБ – елімізде 380-ге жуық жоба жүзеге асырылады және 60 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. 

Барлық жаңалықтар