- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да «#Talks2050: Шығыс Қазақстан – бүгін және ертең» форумы өтуде
ШҚО-да «#Talks2050: Шығыс Қазақстан – бүгін және ертең» форумы өтуде
Аталып өткнедей, #Talks2050 – TED конференция форматындағы бейресми форум. Шараға қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін аймақты дамытудағы қай сала тиімді екенін, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау және негізгі қарқын мен күшті қайда жұмсау қажет екенін біле алады.
Шығыс Қазақстан облысы – даму қарқыны толастамайтынбай өңір. Кенді Алтайдың қойнауынан шыққан түсті металлдар және полиметаллдар аймақ экономикасының негізі. Қазірде ел бойынша инновациялық өнімнің 20%-ы Шығыс Қазақстан облысында шығарылады.
Тау, жазық дала, өзен-көлдер мен ну ормандар – шығыстың шырайын ашқан эко-туризмнің бір тармағы іспетті. Қытай және Ресей елдерімен шекаралас жатқан облыс сауда-экономикалық қарым-қатынастың нығаюына және сауда-саттықтың дамуына зор үлес қосып отыр. Сондай-ақ, машина құрастыру кешені, ағаш өңдеу саласы, тамақ, жеңіл және энергетикалық, құрылыс индустриясы қарқынды дамып отыр.
Дегенмен, облыс аумағында шешімін күткен өзіндік мәселелер де жетерлік. Экономикалық тиімді болып саналатын ауыр өнеркәсіп саласы аймақтың экологиясына кері әсерін тигізіп жатыр. Әр жыл сайын облыс тұрғындарының саны азайып барады. Осы және басқа да сұрақтар «#Talks 2050: Шығыс Қазақстан: бүгін, ертең» форумы барысында қаузалады.
Айта кетерлік жайт, форум ұйымдастырушылары: «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. 2015 жылдың алғашқы форумы Атырау, Астана, Петропавл, Шымкент қалаларында өтті. Бүгінгі күнге дейін Өскемен қаласымен қосқанда 5 форум өтетіні жоспарланған жоспарланған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді