Спорт күні мемлекеттік қызметкерлер Президенттік тест тапсырады

15 Тамыз, 2015 15:06
Ертең Спорт күні орталық мемлекеттік органдар қызметшілерінің арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерінің жазғы сынақтарын қабылдау спорттық іс-шарасы өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігі.

«Президенттік тестілеу Астана қаласындағы Қ. Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионында өтеді. Онда мемлекеттік қызметкерлер жүгіру, секіру сынды жазғы сынақ түрлері бойынша Президенттік тест тапсырады. Жалпы,  жарыс мықтыны анықтау мен салауатты өмір салтын насихаттау және халық арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған», - делінген хабарламада.

Жеңімпаздар Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының арнайы дипломымен және бағалы сыйлығымен марапатталады. 

Барлық жаңалықтар