• Басты
  • Ақмола облысында Абайдың 170 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Ақмола облысында Абайдың 170 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

15 Тамыз, 2015 14:33
Ақмола облысының облыс орталығында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады аймақтың ішкі саясат басқармасы.

Шараға Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Г. Кәрімова, Ш.Ш.Уалиханов атындағы КМУ тарих ғылымдарының доктары, профессор Қ. Әбуев, журналист – жазушы, ҚР-ның мәдениет қайраткері Г. Төлегүл,  қоғам қайраткерлері, жазушылар, мәдениет, білім беру  салаларының мамандары, студенттер мен орта мектеп оқушылары қатысты.

Аталып өткендей, ағымдағы жылы  Семейге сапары аясында Елбасы Н.Назарбаев Абай атындағы музейді аралап, «Біз Абайдың жолын халыққа жеткізуіміз керек, ол баға жетпес құндылық» деген болатын.

Мемлекет басшысының бұл сөздері бүгінде айтарлықтай маңызға ие. Ұлы Абайдың әр ойы бізді жер бетіндегі рөліміз туралы ойлауға итермелейді.

«Қазақтың біртуар перзенті, ұлы ақын Абайдың шығармашылығы оның халқы үшін баға жетпей байлық. Ол тарихымызда ойып тұрып өзінің орнын тапқан ұлы ойшыл» - деді өз сөзінде Г. Кәрімова.

Барлық жаңалықтар