• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның ӘТК тобына теңіз биатлонына қатысқаны үшін жылдам жүзетін қайық тарту етілді (ФОТО)

Қазақстанның ӘТК тобына теңіз биатлонына қатысқаны үшін жылдам жүзетін қайық тарту етілді (ФОТО)

15 Тамыз, 2015 11:32
Каспий қаласында «Каспий кубогы» мен «Каспий жарысы» халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Салтанатты жабылу рәсімінде байқауда жүлделі орындар алған мықты топтар марапатталды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

«Қазақстандық «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кеме экипажы күміс медальдар жиынтығымен марапатталып, «БЛ-680» шапшаң жүзетін қайығын иеленді. Ал алтын медальмен награтталған ресейлік командаға қызметтік-көшпелі катер, Әзербайжан ӘТК тобына қола медаль және дайвингке арналған жабдықтарға тапсырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар РФ Әскери-теңіз флоты бас қолбасшысының орынбасары вице-адмирал Виктор Федотенков Қазақстанның, Ресей мен Әзербайжанның ӘТК кемелерінің командирлерін аттары жазылған құттықтау тақталарымен және бағалы сыйлықтармен наградтады.

«Жүлделі орындар берілгеніне қарамастан, барлық кеме экипаждары кәсіби біліктері мен жоғарғы шеберліктерін көрсетті. Ресей, Қазақстан және Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлығы мығым Каспий маңындағы мемлекеттер екенін дәлелдеді», - деп байқау басшысы вице-адмирал Виктор Кочемазов атап өтті.

Сондай-ақ,   қазақстандық, ресейлік және қытайлық теңіз әскерлерінен құралған топтардың капитандары Өркеш Мұқат, Радик Якубов және Чэнь Вайчжао жоғары марапатқа лайықты деп танылды.

Естеріңізге сала кетсек, «Каспий кубогы» байқауы Ресейге қарайтын теңіз полигонында арнайы жабдықталған Каспий су айдынында өтті. Бұл жерде теңіз ептілігі бойынша Қазақстандық әскери теңізшілер «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемесімен, Ресей – «Град-Свияжск» артиллериялық кіші кемесімен және Әзербайжан – «G-124» патрульдік-күзет кемесімен сайысқа түсті. Байқаудың қорытындысы бойынша біздің топ екінші орынды, ресейліктер – бірінші, ал Әзербайжан ӘТК экипаждары – үшінші орынды иеленді.

Теңіз жаяу әскерлерінің әскери қызметшілері арасында өткен «Каспий сайысы» байқауы «Скорпион» полигонынан қайтуға жиналуда. Осы орайда жүлделі орындар, яғни, бірінші орын – Ресейге, екінші – Қытайға, ал үшінші орын – Қазақстанға бұйырды.

Барлық жаңалықтар