• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Денсаулық жолы - 2015» аясында жылжымалы медициналық кешеңдер шалғайдағы елдімекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда

«Денсаулық жолы - 2015» аясында жылжымалы медициналық кешеңдер шалғайдағы елдімекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда

15 Тамыз, 2015 11:05
«Денсаулық жолы - 2015» республикалық акция шеңберінде 2015 жылғы 17 және 23 тамыз аралығында жылжымалы медициналық кешеңдер Маңғыстау облысы Мұнайлы және Маңғыстау аудандарының шалғайдағы ауылдарына барады, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.

Аталып өткендей, Қызан, Жынғылды, Басқұдык,3-Маңғыстау ауылдарының тұрғындары тегін скринингтік тексерулерден өтіп, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша ақысыз медициналық көмек алатын болады. Жұмылдыру топтарының құрамында көз дәрігерлері, офтальмологтар, хирургтар, акушер-гинекологтар, терапевттер, пульмонологтар, педиатрлар және кардиологтар бар. 

Осы күндері жылжымалы медициналық кешеңдер Қарағанды облысы Шет ауданының Кайракты, Еркіндік, Жұмыскер ауылдарына барады. Медициналық көмекпен жасөспірімдер, жастар, барлық меншік түріндегі ұйымдардың жұмыс берушілері және жұмыскерлері сияқты мақсатты топтар қамтылады.

«17 тамызда жылжымалы медициналық кешеңдер Ақмола облысының Қорғалжын ауданына, 19 және 20 тамыз аралығында Жақсы, Есіл, Жарқайын аудандарына барады. Кампания облыстың медицина ұйымдарының және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылады. Ал, 19 тамызға жылжымалы медициналық кешеңдердің шығуы Қостанай облысының Қарасу ауданына жоспарлануда», - делінген хабарламада. .                       

Естеріңізге сала кетейік, ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша оқу-ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығында республиканың барлық өңірінде «Денсаулық жолы - 2015» кең көлемдегі акция өтіп жатыр. 

Барлық жаңалықтар