- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 8 мектеп ашылды (ФОТО)
Қызылорда облысында 8 мектеп ашылды (ФОТО)
Алдағы оқу жылында 5 мыңнан астам бала алғаш рет жаңа мектеп табалдырығын аттамақ. Балалардың қуанышына ортақтаса келген еліміздің бас педагогі Аслан Сәрінжіпов аймақтағы жаңа мектептердің ашылу салтанатына қатысты.
Арал ауданының Жіңішкеқұм, Қосаман және Жаңақұрылыс ауылдарында бірдей үш мектеп ашылса, тағы бір мектеп пен балабақшаны қыркүйек айына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Қазалының Аранды, Сарыбұлақ елдімекендерінде 100 орындық 2 білім ұясы іске қосылды.
Ал, Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылында 280 балаға арналған балабақша пайдалануға берілді. Тағы 600 орындық мектептің құрылысы да бітуге жақын. Дәл осындай жаңалықтан Сырдария ауданы да құралақан емес.
Шаған ауылында бұл күні 900 орындық білім ошағы есігін айқара ашса, жаңа оқу жылына дейін Шіркейлі ауылында да 600 орындық білім ұясы ел игілігіне беріледі.
Шиелі ауданы Бала би ауылының оқушылары да 900 орындық мектептің ашылуына куә болды.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы оқушылар үшін 900 келушіге арналған мектеп пайдалануға берілді. Дәл осындай тағы бір 900 орындық білім ұясы қыркүйек айында «Ипподром» мөлтек ауданында ашылады. Заманауи үлгіде салынған бұл мектептердің барлығында оқушылардың сапалы білім алуларына толық жағдай жасалған.
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, компьютермен жабдықталған кабинет және Елбасының атынан 1-сынып оқушыларына кітаптар табыстады.
«Биылдың өзінде Қызылорда облысында 22 білім нысанын салуға 6,5 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 19 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға беріледі. Осылайша Елбасының бізге жүктеген үш тапсырмасы толық орындалуда. Біріншіден, үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді. Енді Қызылорда облысында үш ауысыммен оқитын мектеп мүлдем жоқ. Екіншіден, апаттық жағдайдағы мектептерді 2016 жылға дейін толық жаңалаймыз. 2013 жылы Қызылордада 25 апаттық мектеп болған болса, оның 14-і қайта салынып, қалған 11 білім ошағын келесі жылдың соңында бітіруді жоспарлап отырмыз. Үшіншіден, Елбасы 2020 жылға дейін «Балапан» бағдарламасын толық жүзеге асыруды тапсырған болатын. Ал біз жыл соңына дейін балаларды 100 пайыз балабақшамен қамтып, бағдарламаны бекітілген уақытынан бұрын аяқтаймыз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Өз кезегінде, білім және ғылым министрі Балалардың Аслан Сәрінжіпов бір күнде білім саласының 8 нысанының ашылуы әлі ешқандай өңірде болмағанын жеткізді.
«Елбасы жыл сайын республикада 100 мектеп салуды тапсырған болатын. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда Қызылорда облысы көш бастап келеді. Еліміздегі аймақтар арасында білім саласына үлкен мән беріп, білім ошақтарын ашуда да алдыңғы орында. Осындай білім саласына көрсетілген қамқорлықтың арқасында биыл Сыр өңірінің түлектері Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша алдағы бесінші орынға шықты», - деді А.Сәрінжіпов.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды