- Басты
- Жаңалықтар
- Ақордада ҚР Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы
Ақордада ҚР Қауіпсіздік кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысы
Жұмыс барысында әлемдік экономикадағы ахуал мен интеграциялық үдерістер аясында ұлттық мүдделерді қорғау мәселелері қарастырылды.
Отырысқа мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтары және «Атамекен» ҰКП басшылары, жетекші отандық сарапшылар мен ғалымдар қатысты.
Сөз сөйлеушілер өңірлік экономиканы дамыту, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі ел алдына түрлі салаларда ұлттық мүдделерді қорғау және жүзеге асыру жөнінде жаңа міндеттер қоятынын атап өтті.
Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев сарапшылар мен бизнес қауымдастықтарының ұсынымдарын ескере отырып, жауапты мемлекеттік органдарға экономикалық және ықпалдастық үдерістерді жан-жақты талдау және олардың барлық ықтимал салдары мен қатерлеріне болжам жасау қажеттігін атап өтті.
Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ықпалдастық бірлестіктеріне қатысуының тиімділігін арттыру жөнінде нақты ұсыныстар енгізілді.
Сараптамалық кеңестің ұсынымдары Қауіпсіздік кеңесі жұмысында және Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын дайындау барысында пайдаланылатын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Білім беру нысандарындағы қауіпсіздік шаралары қалай ұйымдастырылып жатыр