- Басты
- Жаңалықтар
- Шетел инвесторы Алматыда фармацевтикалық зауыт ашуға қызығушылық танытуда – ҚР ИДМ
Шетел инвесторы Алматыда фармацевтикалық зауыт ашуға қызығушылық танытуда – ҚР ИДМ
Кездесу барысында инвесторлар Алматыда фармацевтикалық препараттар шығаратын зауыт ашуға дайын екендерін хабарлады. GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келетін кәсіпорынның құрылысын ағымдағы жылы бастауды жоспарлап отыр. Өнім ішкі нарыққа және ТМД, Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдеріне экспортқа бағытталатын болады.
«Жобаны іске асыру туралы шешім – бұл Қазақстанға фармацевтикалық өнім өндіру саласындағы әлемнің ең ірі компанияларының бірін тарту бойынша көп жылғы келіссөздердің нәтижесі», - деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметі.
Аталып өткендей, компания қант диабеті, орталық жүйке жүйесі ауруларын емдеу үшін дәрі-дәрмектер және антибиотиктер шығаруды жоспарлап отыр. Жобада шетелдік инвестициялар көлемі 11 млрд. теңгені құрайды. 300 жұмыс орны құрылатын болады. Компанияға өткен жылы қабылданған жаңа инвестициялық ынталандырулар берілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Hikma Pharmaceuticals» - біртума дәрі-дәрмектерді, сонымен қатар дженериктерді шығаратын және өндіретін жетекші трансұлттық фармацевтикалық компания. Компания бірнеше медициналық бағытта 700-ге жуық дәрі-дәрмектерді өндіреді және әлемнің 50-ден астам елдерінде сатылады. 2014 жылы компанияның түсімі 1,5 млрд. АҚШ долларын, табысы – 282 млн. АҚШ долларын құрады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады