- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы – Ыстық-көл автожолының қолайлы бағыты анықталды
Алматы – Ыстық-көл автожолының қолайлы бағыты анықталды
Аталып өткендей, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі және жобалау ұйымдары өкілдерінің қатысуымен екіжақты жұмыс тобы құрылып, болашақ тас жолға алғаш тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша бағыттың ең қолайлы жолы анықталды, ол «Алматы-Ұзынағаш-Қастек-Қарасай батыр-Ыстық көл» бағыты бойынша жүретін болады.
Қазақстан аумағы бойынша Ұзынағаштан Қастек ауылына дейінгі 42 шақырымды құрайтын бұрын болған жолды қайта жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұдан әрі ұзындығы 47 шақырым болатын жаңа жол құрылысы қажет.
Жоспарланған жол теңізден 2 640 метр жоғары орналасқан, төңірек бедері қиын, серпантин бойынша шұғыл өрден өтетін Жаңа Қастек асуы арқылы өтетін болады. Асудан жүріп өткеннен кейін бағыт Еңбек және Қарасай батыр (бұрыңғы Михайловка а.) шекаралық ауылдары арасымен өтетін болады. Ол жерлерде 5 мыңға жуық адам тұрады.
Тау жолы бойында жолды 18 рет кесіп өтетін бұлақ ағып жатқандығын айта кеткен жөн. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында, жердің бедерінде көптеген жартастар болғандықтан, бұрғылап жару жұмыстарын атқару және тіреп тұратын дуалдарды орнату қажет болады.
Қырғызстан тарапына да сондай-ақ, 1 шақырым жол және Шу өзені арқылы көпір салу қажет.
Жалпы алғанда, Алматы-Ыстық көл жаңа бағыты бұрын болған 480 шақырым жолдың орнына 280 шақырымды құрайтын болады. Аталған бағытты таңдау Еңбек және Қарасай батыр ауылдарын Алматы қаласымен байланыстыруға мүмкіндік береді, ол аталған өңірдің дамуына оң ықпал етеді.
«Алматы-Ыстық көл» жаңа жол құрылысы туризмінің өркендеуіне әсер етеді, елдер арасындағы транзит әлеуетін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ, жағымды әлеуметтік-экономикалық күш беріп, аталған бағыттың бойында орналасқан елді-мекендердің дамуына мультипликативтік әсер береді.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу