М.Абдрахманов: Астананың кеден бекеті құжат айналымын 70%-ға қысқартты

14 Тамыз, 2015 17:32
Елордалық кеден бекеті «Астана кедендік рәсімдеу орталығы» кедендік деклараияны рәсімдер барысында құжат айналымын 70%-ға қысқартты, деп мәлімдеді «Астана кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің басшысы Мұрат Абдрахманов.

«Құжат айналымы 70%-ға қысқарды, біз көптеген пункттерді алып тастадық, енді бұл процедура айтарлықтай жеңілдеді», - деп түсіндірді М. Абдрахманов.

Сонымен қатар, кеден бекетінің басшысы толықтырып кеткендей, жұмыстың жаңа форматы аясында кеден бекетінде 25 адам жұмыс істейді, олар күніне 70-80 декларациядан қабылдайды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар