ИИДМБ: СҚО-да Индустриаландыру картасына қосуға тағы 5 жоба мақұлданды

14 Тамыз, 2015 17:49
СҚО-да Өңiрлiк үйлестiру кеңесi өткiзiлiп, 3,4 млрд теңгенi құрайтын 5 жоба мақұлданды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Жыл басынан үйлестiру кеңестерiнде Индустриаландыру картасына қосу үшiн 23 жоба қарастырылып, жалпы көлемi 7,9 млрд теңге инвестициясы бар 20 жоба мақұлданды»,-дедi өңiр басшысы Ерік Сұлтанов.

«РимҚазАгро» ЖШС директоры Ирина Демидова жылдам әзiрленетiн тағам өндiрiсiн iске қосуды жоспарлап отыр. Қазiр лезде әзiрленетiн ботқалар мен сорпалар жақын және алыс шет елдерден импортталуда. Ирина Яковлевна бұндай тауарларды өткiзу тәжiрибесi мен тауар өткiзу нарығы реттелгенiн айтады. Жылына 500 тонна лезде әзiрленетiн вермишель, 46 тонна ботқа, 6800 тоннадан астам картоп езбесi және өзге де өнiмдер шығару жоспарланған. Жоба құны — 1124 млн теңгенi құрайды, 58 жұмыс орны ашылады.

Өңiрлiк үйлестiру кеңесi мүшелерi «РимҚазАгро» ЖШС жобасын Индустриаландыру картасына қосуды бiрауыздан қолдады.

Сүт өнiмдерiн өндiру өндiрiсiн жаңғырту жобасымен «Сергеевка Сүт өнiмдерi» ЖШС мен « Тайынша Сүтi» ЖШС келдi. Кәсiпорындар жаңа жабдықтар сатып алып, өндiрiс қуаттылығын арттырмақ. Бұдан басқа, өндiрiстi жаңғырту арқасында «Тайынша Сүтi» ЖШС-не өнiмдi бөлшектеп орау өндiрiсiн де iске қоспақшы. Сүттi қайта өңдеу кәсiпорындарының жобалары Индустриаландыру картасына қосу үшiн мақұлданды.

«Атай-СК» ЖШС құс фабрикасын қайта жаңғыртуды жоспарлап отыр. Қазiр кәсiпорын жылына 75 млн дана жұмыртқа шығарады. Жаңғырту жұмысынан кейiн шығарылым көлемi жылына 102 млн данаға дейiн артпақ. «Атай-СК» ЖШС қаржы талдаушысы Серiк Бегiмбетовтың айтуынша, компания жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңмен өткiзiп, жаңа жабдықтар сатып алмақ. Құс фабрикасының жаңғырту жұмыстары өткен жылы басталды, бұған «Бизнестiң жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 950 млн теңге көлемiнде қаржы алынды. ӨҮК бұл жобаны да мақұлдады.

Сондай-ақ, Индустриаландыру картасына Ақжар ауданындағы «Малахит Касс-Талл» ЖШС шөлмектегi су өндiрiсi бойынша жобасы мақұлданды.

«Құрамында қалайы бар кендердi өңдейтiн «Сырымбет» тау-кен кешенiнiң құрылысының» жобасы Индустриаландыру картасына қосуға ұсынылды. Жобаның құны- 10 млрд теңге, 500-ден аса жұмыс орны ашылады. Тау-металлургиялық кешенiн пайдалануға 2018 жылы берiледi деп жоспарланған.

Солтүстiк Қазақстан облысында МИИДБ бiрiншi бес жылдығында 32 жоба жүзе асырылды, олардың 27 жобасы 80 пайыздық қуаттылықпен жұмыс iстейдi.

Жыл басынан Индустриаландыру картасының екiншi бесжылдығы бойынша 11 жоба iске қосылды.

Барлық жаңалықтар