• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «RG Brands Kazakhstan» экспорттық сатылымын 25%-ға дейін арттырады

«Бәйтерек» холдингінің қолдауымен «RG Brands Kazakhstan» экспорттық сатылымын 25%-ға дейін арттырады

14 Тамыз, 2015 19:47
Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан ҚДБ) «RG Brands Kazakhstan» ЖШС үшін 3 млрд теңге көлемінде 39 айға несие желісін ашты. Мәміле«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының шеңберінде өңдеу өнеркәсібіндегі тауарлардың қазақстандық экспортын қолдау мақсатында қаржыландырылады, деп хабарлады ҚДБ баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, қаржыландыру шарттары ҚР Үкіметінің 2015 жылдың 23 сәуіріндегі №271 Қаулысымен бекітілген. 

Қарыз қаражатын компанияның өнімді өндіруге және экспорттық нарықтарда ілгерілетуге, оның ішінде шикізат, материалдар мен қаптаулар сатып алуға жасалған шығындарымен байланысты айналым капиталын толықтыруға жұмсау жоспарланады. 

«2015-2019 жылдар аралығында біз экспорттық сатылымдарды біздің жалпы түсімдерден 25%-ға дейін арттыруды жоспарлаймыз, ал мемлекет, Бәйтерек холдингi мен даму институттары арқылы көрсетілетін қолдаудың арқасында бізде өнім экспортын арттыруды жоспарлау мүмкінді пайда болды», - деп белгіледі «RG Brands Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Тимур Калтаев. 

Компания бұл көрсеткіштерге негізінен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, ең әуелі, Ресей мен Қырғызстанда сатылым көлемін ұлғайтудың арқасында қол жеткізбек. RG Brands Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Моңғолия сияқты елдерде етек жайған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық қорынан өңдеу өнеркәсібінде шығарылатын қазақстандық тауарлар экспортына қолдау көрсетуге 2015 жылы ҚДБ арқылы 35 млрд теңге бөлінді. «RG Brands Kazakhstan» ЖШС экспорттық операциясын қаржыландыру ҚДБ үшін қарастырылған қаражаттың шеңберінде кезекті мәміле болады. Мұның алдында 7 млрд теңге көлеміндегі «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ және 2 млрд теңге көлеміндегі «Баян-Сұлу» АҚ экспорттық операциялары қаржыландырылған болатын.
 

Барлық жаңалықтар