• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдан бастап жеке сот орындаушылардың қарамағына заңды тұлғалардың пайдасына шешілетін өндірістік істер өтеді

2016 жылдан бастап жеке сот орындаушылардың қарамағына заңды тұлғалардың пайдасына шешілетін өндірістік істер өтеді

14 Тамыз, 2015 11:58
2016 жылдан бастап жеке сот орындаушылардың (ЖСО) қарамағына заңды тұлғалардың пайдасына шешілетін өндірістік істер өтеді. Олар барлық өндірістерден шамамен 20 % құрайды, сонымен қатар, алимент, жалақы, зейнетақы және мүліктік емес өндірістерді тапсыру қарастырылған, бұл – шамамен 93 %, деп хабарлады ҚР Әділет министрлігінің сот актілерін орындау департаменті директорының орынбасары Саида Сағдат.

«Сол мезетте, лицензияланған сот орындаушылардың өкілеттігі мемлекет борышкер болған жағдайларда және мемлекет мүддесін көздейтін, яғни көшіру, орналастыру, бұзу, жер телімдерін алу және басқа да өндірістер санаттарына таралмайды», - деді ол.  

Оның айтуынша, жеке сот орындаушылар институты соңғы екі жылда айтарлықтай күшейіп, оның болашақта болатын өзгерістерге дайын екенін көрсетеді.

«2015 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша жеке сот орындаушылардың атқаруында 1,3 трлн. теңгеге 535 мыңға жуық құжат бар. Оның 227 млрд. теңгені құраған 134 мың құжаты аяқталып, 21, 6 млрд. теңгеге жуық 96 мың құжат толықтай аяқталды» - деді С.Сағдат.

Барлық жаңалықтар