- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтау горнизонының әскери қызметшілері «Ата заңға адалмыз» акциясы аясында марапатталды (ФОТО)
Ақтау горнизонының әскери қызметшілері «Ата заңға адалмыз» акциясы аясында марапатталды (ФОТО)
«Конституция – елдің саяси, мәдени, рухани және әлеуметтік дамуының қайнар көзі. Тәуелсіз ел болған жылдардағы біздің барлық жетістіктеріміз елдің негізгі заңының аясында іске асты. Осы жылдарды елдің қорғаныс қабілетін нығайту және кәсіби армияны күшейтубасты назарда болды. Бүгінгі күні Қарулы Күштер заман талабына сай мемлекеттің сенімді қалқанына айналды», - деп атап өтті ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының Тәрбие және әлеуметттік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов.
«Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері Конституцияда бекітілгендей ел тыныштығы мен ұлттық қауіпсіздікті қорғауға әрқашан дайын», - деді 25744 әскери бөлімінің командирі подполковник Ерболат Толықбаев.
Мерейтойы күні қарсаңында бірнеше әскери қызметшілерге мақтау грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.
Атап айтсақ: 25744 әскери бөлімінің инженерлік қызмет бастығы гвардия капитаны Мәулет Тұяқбаев «Үздік отбасы» аталымын иеленді. Осы бөлімнің 2-ші танк ротасының 1-ші взвод командирі гвардия капитаны Ақынбекұлы Бақберсін «Үздік рота командирі» аталымыненшіледі. 2-ші танк ротасының 1-ші взвод командирі гвардия аға лейтенанты Жандос Темірбеков «Үздік взвод командирі» атанды. Аталған бөлімнің танк батальоны сержанты, гвардияның 3-сыныпты сержанты Асхат Мусин «Үздік батальон сержанты» аталымын, ал 1-ші жаяу әскерлер ротасының сержанты, гвардия сержанты Қайрат Есмұқанов«Үздік рота сержанты»,сондай-ақ 2-ші теңіз жаяу батальоны отпен қолдау ротасының взвод сержанты, гвардия сержанты Әбдімәлік Әшірбеков «Үздік взвод сержанты» атанды.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Қарулы Күштердің қолдауымен өтетін«Ата заңға адалмыз» атты патриоттық акциясы осы аптада Қарағанды қаласында да басталады. Ақтаудан кейін акция Шымкентте (18 тамыз) өтеді және соңы Өскемен (24 тамыз) қаласында аяқталады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде